Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев, өзінің әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы бейресми ақпарат көздері жазып жатыр. Әзір құзырлы органдар аталған фактіні растай қойған жоқ. Бірақ Ішкі істер министрлігі мейрамханада жанжал болып, салдарынан бір әйелдің көз жұмғаны туралы хабар таратты. Бишімбаевтың қаладағы мейрамханалардың бірінде әйелін мас күйінде ұрғаны туралы жазылған. Әйелі жедел жәрдем көлігі жеткенше қайтыс болған.
Жандос Темирғали