Келесі жылдан бастап кеншілер әлеуметтік төлем алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі жылдан бастап кеншілер әлеуметтік төлем алады

09.11.2023

Келесі жылдан қауіпті өндіріс орындарында жұмыс істейтіндер әлеуметтік төлем алады. Жаңа заң жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі әзірледі.

Бұл металлургия, энергетика, тау-кен секторындағы жұмысшыларға қатысты. Төлемақы 55 жасқа толғандарға 200 мың теңге көлемінде беріледі. Кеншілердің жалақысы да өсу мүмкін. Ең төменгі табыс 300-400 мың шамасында болады. Ал бүгінде қауіпті өндіріс орындарында 490 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу