«Болашақ» бағдарламасына бөлінген қаржы тиімсіз жұмсалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» бағдарламасына бөлінген қаржы тиімсіз жұмсалып жатыр

09.11.2023

Болашақ бағдарламасына бөлінген қаржы тиімсіз жұмсалып жатыр. Бұл жоба білімнің емес эмиграция мен туризмнің құралына айналды. Сенатор Андрей Лукин осылай деп үкіметке депутаттық сауал жолдады. Оның мәліметінше, бағдарлама аясында 15 мың қазақстандық шетелде білім алып, 12 мың маман дайындалған. 12 жылдың ішінде 200 млрд теңге жұмсалған. Оны заңсыз жымқырған деректер де бар. Ал степендиаттарға қойылатын талаптар жиі бұзылады. Мұндай 1 мыңнан астам дерек белгілі. Бағдарламаны бақылау мен бөлінген ақшаны қадағалаудың жаңа тәсілін әзірлеу қажет деді Сенат депутаты.

Андрей Лукин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Шетелде алған мамандық пайдаланылмайды, жоба жекелеген жағдайларда эмиграция құралына айналды, 270 түлек шетелде қалды.. Орталық іс жүзінде еңбек нарығының нақты қажет мамандарды дайындап жатқан жоқ. Ұйымдастыру деңгейі төмен. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың болмауы, салалық министрлік тарапынан тиісті үйлестірудің жоқтығы осындай жағдайға себеп болып отыр.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу