Жамбылда астан ұшынғандар 64 адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда астан ұшынғандар 64 адамға жетті

09.11.2023

Жамбылда астан ұшынғандар 64 адамға жетті. Оның 35-і бұған дейін аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған болатын. Ал 29 науқас амбулаториялық ем қабылдауда.

Дәрігерлер балалардың жағдайы орташа әрі тұрақты деп отыр. Оқушылардың нақты неден уланғаны әзірге белгісіз. Құзырлы оргондардан құрылған тергеу тобы мен арнайы комиссия тексеру жүргізуде. Бұл бағытта облыстық Ұлттық сараптама орталығы да іске кірісті. Ондағы мамандар бактериологиялық, санитариялық және гигиеналық зерттеулерге тамақ өнімдерінің сынамасын алған. Нәтижесі алдағы бір аптада белгілі болмақ.

Еске салайық, осыдан екі күн бұрын Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында оқушылар жаппай астан ұшынды. Сол күні 2 мыңнан астам оқушысы бар Киікбаев гимназиясының бастауыш сыныптары асханадан ас ішеді. Аудандағы ақ халаттылар тағам тұтынған 440 баланы анықтап, үйлеріне барып тексерген. Ауыр жағдайда уланғандар тіркелмегендігін айтады.

Салтанат Алибаева, Жамбыл облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Байзақ ауданындағы санитариялық -эпидимологиялық басқармасына 64 шұғыл хабарлама келіп түсті. Ол жерге тамақтан улану диогнозы қойылды. Нақты неден екенін айта алмаймын әлі де тексеріп, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу