Мектептерде буллингке қарсы бағдарлама енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектептерде буллингке қарсы бағдарлама енгізіледі

09.11.2023

Келесі жылдан бастап еліміздегі әр мектепте буллингке қарсы бағдарлама енгізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі мәлімдеді. Сондай-ақ, жас-өспірімдер арасындағы қылмысты алдын алуға арналған кешенді жұмыстар жүріп жатқанын айтты. Ал балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң жобасын талқылауға жиналғандар инклюзивті орта қалыптастыру мәселесін көтерді.

Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:

Балаларға қатысты, құқық бұзушылыққа қастысты жазаны қатаңдату мәселелері осы осы заң жобасында қаралған. Үкіметтік емес ұйымдардың жалпы балалардың құқықтарын қорғау мәселесінде балалардың арасындағы булинг пен басқа да келеңсіз жағдайларды алдын алу бойынша олардың ұсыныс пікірлерін осы бүгінгі жиын барысында талқылай үстіндеміз.

Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу