Биыл «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры мен лицейлеріне – 30 жыл. Осыған орай Астанада республикалық конференция өтті. Тақырып – «Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында сапалы білім беру жолдары». Жалпы «Білім-инновация» лицейлерінде білім берудің әлемдік әдіс-тәсілдері қолданылады. Қоғамдық қор ауыл балаларына барынша қолдау көрсетіп келеді. Себебі жыл сайын оқуға түсетін оқушылардың арасында ауыл балаларының үлесі 30 пайыздан асу үшін аудан орталықтарында іріктеу емтиханы ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, жалпы оқушылар арасында 15 пайыз квота әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларына бөлінеді.
Сондай-ақ, қоғамдық қор білім берудің маңызды мәселелерін зерттеп, нақты қадамдар түзген.
Қуат Қожахмет, «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті:
Білім алу мәселесі, мысалы кейбір балалар білімді толық алмайды. Сондай теңсіздік бар араларында. Қыз бала мен ұл баланың арасында теңсіздіктер бар. Осындай көп мәселелерді ұйым 17 бөлімге бөлді. 17 мақсатқа бөлді. Біз егер келешекте балаларымызға жақсчы, дұрыс әлем қалдырғымыз келсе 2030 жылға дейін осы қадамдарды іске асыруымыз керек деп нақты қадамдар сызылған.
Републикалық конференцияға ғалымдар, профессорлар және оқу-ағарту министрлігінің өкілдері қатысты. Мақсат - сапалы білім берудің тың жолдарын қарастырып, тәжірибе алмасу. Жиын барысында үш тілде білім беру, жаратылыстану-математика бағытында көптілді оқу-әдістемесін қолдану сияқты тақырыптар талқыланды.
Азамат Нұғыманов