Алматыда 600 маман инклюзивті білім беру курсынан өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 600 маман инклюзивті білім беру курсынан өтіп жатыр

09.11.2023

Алматыда инклюзивті білім беретін 200-ге жуық мектептің педагогтері мен логопед мамандары, психологтар және директорлары инклюзивті курстан өтіп жатыр. КСМ: Нақтырақ айтсақ 600 маман балаларды психологиялық-педагогикалық әдістермен, интерактивті ойын және тапсырмалар арқылы инклюзивті түрде оқытуды үйренеді. Курсқа шетелден арнайы институттардан сарапшылар шақырылған.

Зәуре Колумбаева, ТМД елдері бойынша білім жүйесін дамыту» халықаралық қорының басқарушы директоры:

Инклюзивті білім беру бойынша ерекше білім беруді қажет ететін балаларға өзіндік әдіс тәсілдері бар, педагогикалық-психологиялық сүйемелдеулері бар, соның барлығын курстың барысында қамтылуда, теориялық, практикалық мазмұнды жағынан өте қажет, бүгінгі күнде сұранысқа ие курстың бірі.

Сәуле Жұмабекова, №5 мектеп - гимназиясының директоры:

Аларымыз өте көп. Инклюзивті білім беру туралы практика жағынан да, теория жағынан да өте керемет алып жатырмыз.  Дәрістер өткізілді және психологтар, қазақстандық әдіскерлердің арқасында көп нәрсеге көзіміз ашылды.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу