Солтүстік Қазақстанда вакцина сатып алуға 93 млн теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда вакцина сатып алуға 93 млн теңге бөлінді

08.11.2023

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындарға қызылшаға қарсы екпе сатып алуға 93 млн теңге қосымша қаражат бөлінді. Әзірге облыстың емдеу мекемелерінде 9 мың доза вакцина бар. Бірінші кезекте 6-11 айлық балалар қамтылады. Арнайы курстан өткен мамандардан 91 бригада жасақталды. Екпе салу науқанына мыңнан астам медицина қызметкері жұмылдырылды.

Нұржан Тағаниязов, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Үнемделген ақшаға 93 млн-ға тағы да сатылып алынып жатыр, ол желтоқсан айында келеді. Балалар содан кейін медициналық ұйымның қызметкерлері, біздің облыс бойынша 3800-ге жуық медицина қызметкері бар. Жоспар бойынша солар тағы да вакцина алуы керек.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу