69 террорлық әрекеттің жолы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

69 террорлық әрекеттің жолы кесілді

08.11.2023

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің арнайы қызмет өкілдері бір жылда 69 терактнің жолын кесті. Астыртын жұмыс істеп келген 73 лаңкестік топты әшкерелеген. Халықаралық террорлық ұйымдарға қатысы бар 447 адам ұсталып, 54 і сотталды.

Бұл туралы Ташкентте өткен аймақтық антитеррорлық құрылымның ғылыми конференциясында айтылды. Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қарасты мемлекеттер терроризм мен экстремизмнің алдын алуды күшейте түспек. Ұйымның бас хатшысының орынбасары Нұрлан Ермекбаев алдағы уақытқа жоспарланған іс шаралар жайлы баяндады. Жиында өзара ынтымақтастықты арттыру шаралары қабылданды. Маңызды басқосуға Біріккен ұлттар ұйымы мен өзге де бірқатар халықаралық ұйым өкілдері келген.Құқық қорғау және арнайы органдардың білім беру мекемелерінің басшылары бар. Салаға қажетті кадрлар даярлау жайы да қаралды.

Нұрлан Ермекбаев, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы бас хатшысының орынбасары:

Жалпы конференцияның тақырыбы мен мақсаты әрбір мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік және арнайы органдардың жинақталған тәжірибесімен алмасу, қазіргі таңда төніп тұрған қауіп қатерлерге біріге іс шаралар қабылдау.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу