Ертең Қостанайда өтетін өңіраралық ынтымақтастықтың XIX форумына Ресейдің 17 субъектісі қатысады. Дәстүрлі шарада екі елдің беделді кәсіпкерлері бас қосады. Бірлескен бастама сауда-инвестициялық қызмет пен мәдени-гуманитарлық және интеграциялық байланыстарды одан әрі дамытуға серпін береді. Айта кеткен жөн, екіжақты тауар айналымының 70%-ға жуығы өңірлердің үлесіне тиесілі. Қаржы көрсеткіші 30 млрд долларға жақындаған.
Жандос Темірғали