Ресейде маусымдық вирус, COVID-19 инфекцияларымен бірге көкжөтел ауруы кеңінен тарауда. Тіпті мектептер мен балабақшалар карантинге жабылып жатыр. Мәскеудегі меншікті тілшіміз Индира Бегайдар тарқатады.
Индира Бегайдар, тілші:
Ресейде соңғы алты аптада эпидемиялық аухал нашарлады. Дәрігерлердің айтуынша, аурудың өршуіне Омикронның Эрис және Пирола деп аталатын нұсқаларының таралуы да себеп. Сондықтан елде карантиндік шаралар қайтадан қолға алынды. Мәскеуде метро станцияларының жанынан жылжымалы вакциналау орталықтары ашылды. 18-ге толған кез-келген Ресей азаматы тұмауға қарсы тегін екпе салдыра алады.
Геннадий Онищенко, дәрігер-инфекционист:
Министрліктің мәліметіне сәйкес, балалар мен ересектерді вакцинациялау үшін 60 миллион екпе сатып алынады. Вакцина үш және төрт компонентті болады. Бүгінгі күні 50 миллионнан астам адам екпе қабылдаған.
Кей өңірлерде оқу орындары қашықтан оқу режиміне көшті. Ал мамандардың мәліметінше, желтоқсан айында эпидемиялық ахуал одан сайын нашарлап, коронавирус жұқтырғандарға арналған емханаларда орын тапшылығы туындауы мүмкін. Сондықтан мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің екпе алуына баса мән бере бастады.
Индира Бегайдар