Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Абу-Дабиде өткен «Сенімдердің тоғысуы: Рухани лидерлердің жаһандық жаңғыру жолында бірігуі» атты халықаралық конференцияға қатысты. Сенат спикері өз сөзінде геосаяси тұрақсыздық мәселесін тез арада қолға алу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, жаһандық экологиялық мәселелерді шешуге дін көшбасшыларын жұмылдыру мәселесі конференцияда талқыланған негізгі тақырып болды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Әлемдік рухани көшбасшылар бірлесе отырып, адамзат алдында тұрған экзистенциалды түйткілдерді шешуге айтарлықтай үлес қоса алады. Оның ішінде климаттық сын-қатерлерді еңсеру, кедейлік пен теңсіздікті төмендету, экстремизмге қарсы күрес, қақтығыстарды тоқтату сияқты маңызды мәселелер бар.
Тәуірбек Бозекен