Банк карталарымен жүргізілетін операциялардың ережелері қатаңдатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Банк карталарымен жүргізілетін операциялардың ережелері қатаңдатылады

06.11.2023

Елімізде банк карталарымен жүргізілетін операциялардың ережелері қатаңдатылмақ. Мәселен енді шетел азаматтарының елімізде шот ашып, карта алуы қиындай түсті. Әрі ақшаны әлдекімге аударар кезде банк бірден қызмет көрсетпейді.

Клиенттерді жасалуы мүмкін алаяқтық жөнінде ескертіп отыруға міндеттелді. Осы арқылы Ұлттық банк алаяқтықты азайтуды көздеп отыр. Өйткені биылдың өзінде осындай 15 мың дерек тіркелген. Келтірілген залал 13 миллиард теңгеден асады. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу