Сауда желілері 50 пайызға отандық ауыл шаруашылығы өнімімен қамтылуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауда желілері 50 пайызға отандық ауыл шаруашылығы өнімімен қамтылуы тиіс

06.11.2023

Сауда желілерінде самсап тұрған агро тауардың 50 пайыздан астамы шетелден импортталады. Ал біздің шаруагерлер қағазбастылықтан арыла алмай жүр. Бұл туралы аграрлық комитеттің көшпелі отырысында айтылды. Жауаптылар төрт түліктен алынатын отандық өнімді, ішкі нарықта бірінші орынға шығару жайын қарастырып жатыр. Ол үшін заңды қатайтпақ. Жиында Комитет мүшелері алдымен сырттан әкелінетін тауарларға бақылауды күшейтіп, ашықтық орнату керек дейді.

Нұржан Әшімбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі:

Тауарлардың қалай жүретінін заң бойынша бекітуіміз керек. Шекарадан кірген кезде тауар қай жерде жатыр, соның бәрін қадағалап көруіміз керек. Бүгінгі күні шетелден үлкен көлемде тауарлар кіреді. Оны біз анықтап білмейміз, нақты қанша партия кіргенін. Сапасы қандай екенін.

Ветеринария саласы қайта түлетуді қажет етеді

Аграрлық комитеттің мүшелері, ветеринарлардың қоғамда назардан тыс қалып қойып жатқанын айтады. Мамандыққа сұраныс аз. Биыл бөлінген 900-ден астам гранттың көп бөлігі игерусіз қалған. Салдырынан, машақаты көп қызметтің тауқыметін көбіне зейнеткерлер көтеріп жүр. Техникалар мен құрал жабдықтар әбден тозған. Жалақы мардымсыз. Ауылдарда арнайы жабдықталған пункттер аз. Ал оқу жүйесінде бірізділік жоқ. Тіпті кейбір білім ордаларында дәрістер қысқартылған.

Ғайса Әбсәтіров, Ветеринария ғылымдарының докторы, профессор:

Мына Сейфуллинде арнайы пәндерге дәріс оқиды. Алматыда оқиды. Ал Жәңгірхан атындағы университетте лекцияны қысқартып тастады. Оқымайды. Сосын қайдан сапа болады? Сосын оқу материалдарды жаңғырту керек. Заманға сай келтіру керек.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу