Әкімдер сайлауының қорытындысы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әкімдер сайлауының қорытындысы жарияланды

06.11.2023

Әкімдер сайлауы республиканың сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті. Ал сайлаушылардың келуі 62,76 пайызды құрады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы жариялады. Айта кетейік, жексенбі күні 42 аудан және облыстық маңызы бар 3 қаланың әкімдері сайланды. Науқан пилоттық режимде өтті. Бюллетеньдерге 125 кандидат енгізілген. Ал сайланған әкімдердің орташа жасы - 46 жас.

- Абай облысы Абай ауданы мен Курчатов қаласы

- Ақмола облысы Ақкөл, Астрахан, Есіл, Жақсы, Шортанды аудандары

- Ақтөбе облысы Қобда, Ойыл, Ырғыз аудандары

- Алматы облысы Балқаш, Жамбыл аудандары

- Атырау облысы Исатай және Қызылқоға аудандары

- Батыс Қазақстан облысы Бөкейордасы, Қаратөбе, Тасқала аудандары

-Жетісу облысы Кербұлақ, Сарқан аудандары

- Қарағанды облысы Приозерск қаласы, Ақтоғай және Осакаров аудандары

- Қостанай облысы Алтынсарин, Денисов, Қарабалық, Федоров аудандары және Рудный қаласы

- Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Т.Рысқұлов ауданы

- Қызылорда облысы Сырдария, Шиелі аудандары

- Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы

- Павлодар облысы Ақтоғай, Железин, Шарбақты аудандары

- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл, Мамлют, Тимирязев аудандары

- Түркістан облысы Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ, Шардара аудандары

- Ұлытау облысы Ұлытау ауданы

- Шығыс Қазақстан облысы Алтай және Глубокое аудандары

Торғын Мелісқызы

Хабарламаларға жазылу