Петропавлда «Жұмысшылардың халық кеңесі» деген ұйым құрып, сепаратизмді насихаттаған топқа қатысты сот процесі өтіп жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, 20 адамнан құралған топтың заңсыз әрекеті биыл наурыз айында әшкере болған еді. Колледждердің бірінде жиын өткізіп, өздерін КСРО мұрагерлері ретінде көрсеткен 19 адам Қазақстанның тәуелсіздігін мойындамайтын көрсетіп, декларацияға қол қойған. Тергеу жарты жыл бойы жалғасты. Сотта 4 адам жауапқа тартылуда. Оларға мемлекеттің тұтастығына нұқсан келтірді және сепаратизмді ашық насихаттады деген айып тағылып отыр. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Топтың қалған мүшелері айыппұлмен құтылды. Сотта куәгер ретінде жауап берген олар кеңес құрудың саяси астары болғанын білмегенін айтып ақталды.
Эльмира Кәленова