Әлемнің басты мұнай экспорттаушылары - Сауд Арабиясы мен Ресей энергетикалық шикізат өндірісін жыл соңына дейін өз еріктерімен қысқартпақ. «Reuters» агенттігінің хабарлауынша, бұл шешім жаһан экономикасының өсімі мен сұранысқа қатысты алаңдаушылыққа және нарықтағы тұрақтылықты сақтау мақсатында қабылданған. Саудия желтоқсанда мұнайды тәулігіне 1 миллион баррельге аз шығармақ. Ал Ресей көмірсутегі өндірісін жаңа жылға дейін күніне 300 мың бөшкеге дейін азайтайын деп отыр. Айта кетсек, қыркүйекте «қара алтын» 98 долларға дейін қымбаттады. Бірақ Таяу Шығыстағы соғысқа қарамастан, оның құны жұма күні 85 долларға дейін төмендеген.
Арыстан Рысбек