Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады. Ақмола облысының соты бұған дейін 6 жылға сотталған кәсіпкердің жазасын жеңілдетіп, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған еді. Енді ол пробация қызметінің бақылауында болады.
Еске салайық, Қайрат Боранбаев аса ірі мөлшерде мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікпен былтыр наурыз айында қамауға алынды. Артынша кәсіпкер 90 млрд теңгенің активін мемлекетке өз еркімен қайтарған. Оның ішінде мұнай кен орны, газ тарату компаниясы, қонақ үй, кеңсе ғимараттары, фитнес орталықтары және сауда ойын-сауық кешендері бар.
Айя Мүтәлі