Биыл ет бағасы 9 пайызға қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл ет бағасы 9 пайызға қымбаттады

03.11.2023

Биыл ет бағасы 9 пайызға қымбаттады. Әсіресе, сиыр мен жылқы етінің бағасы көтерілген. Өңірлер бойынша Ақмола облысында өнімнің айтарлықтай қымбаттағанын байқауға болады. Мұнда баға бірден 14 пайызға өсті. Одан кейін Алматы облысы мен Астанада ет қымбат. Ең арзаны – Шымкентте. Соған қарамастан, елімізде өндіріс те, тұтыну көлемі де артып келеді.

Биыл 57 мың тонна ет өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,5 пайызға көп. Ал жарты жылда әр адам орта есептен 20 келі ет жейтіні анықталды. Ет тұтыну көлемі бойынша Атырау, Ақмола және Маңғыстау облыстары көш бастап тұр. 

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу