Қазақстан Қытайға қосымша 10 миллион тонна мұнай экспорттай алады. Мұны Энергетика министрі айтты. Оның сөзінше, көрші елге жеткізілген қара алтын көлемі аз болған. Небәрі 1 млн тонна.
Қазір қос тарап мұнайды бос құбырлар арқылы экспорттау мәселесін шешіп жатыр. Жақында «Кеңқияқ – Атырау» және «Кеңқияқ – Құмкөл» магистральдық газ құбырының екі учаскесі кеңейтіліп, мұнай жіберуге мүмкіндік туады, - деді министр.
Айя Мүтәлі