Қайрат Боранбаевтың кеңселері мен сауда орталығы коммуналдық меншікке өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Боранбаевтың кеңселері мен сауда орталығы коммуналдық меншікке өтті

03.11.2023

Жақында ғана түрмеден босатылған Қайрат Боранбаевтың Алматыдағы 3 нысаны қаланың меншігіне қайтарылды. Мұны қала әкімдігі хабарлады. Қайтарылған фитнес-клуб, кеңселер мен бір сауда орталығы сыйға тарту шарттарына сәйкес жасалған.

Осылайша, Алматы қаласының коммуналдық меншігіне «F Link», «Grand Hall Unity» және «Алмтрэйд» серіктестіктерінің жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесі қабылданды.

Алматының меншігіне қайтарлыған компаниялар:

«F Link», фитнес-клубтардың қызметі;

«Grand Hall Unity», негізгі қызмет түрі - жеке меншікті жалға беру және басқару;

«Алмтрэйд», негізгі қызмет түрі –элиталық алкогольдік сусындардың көтерме сауда орны

Әйгерім Ердаулет

Хабарламаларға жазылу