Солтүстік Қазақстанда 10 адам көкжөтелге шалдыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда 10 адам көкжөтелге шалдыққан

03.11.2023

Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері көкжөтелге шалдыққан он адам тіркелді. Санитар дәрігерлердің айтуынша, екі науқас инфекцияны шет елден жұқтырып келген. Ауырғандардың 60 пайызы 14 жасқа дейінгі бала. Асқыну дерегі тіркелген жоқ. Былтыр өңірде көкжөтелге бір-ақ адам шалдыққан еді.

Серік Аусатов, қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы:

Тәжікістаннан келген екі азаматтан көкжөтел анықталды. Науқастардың барлығы Петропавл қаласында тіркелді. 6 адам жұқпаға қарсы екпе алмаған.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу