АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Таяу Шығысқа барды. Бұл оның соғыс басталғалы, яғни, қазанның 7-нен бері Израильге үшінші рет баруы. Оның премьер-министр Биньямин НеТаняхумен кездескені туралы фотолар жарияланды. Әлем ақпарат құралдарының хабарлауынша, Құрама Штаттардың бас дипломаты Израиль үкімет басшысымен Газадағы бейбіт халықтың зардабын мейлінше азайтуға бағытталған «нақты қадамдарды» талқылап жатыр. Израиль армиясы толық қоршауға алған Газада азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек таусылуға жақын. Сонымен қатар, палестиналық анклавта Израильдің әуе шабуылдарынан талай ғимарат қирап, жүздеген мың адам үйлерін тастап кетті.
Арыстан Рысбек