Алматыда бұрынғы Түрксіб госпиталі балаларды оңалту орталығына айналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бұрынғы Түрксіб госпиталі балаларды оңалту орталығына айналады

03.11.2023

Алматының қақ ортасындағы қараусыз қалған бұрынғы Түрксіб ауруханасы енді балаларды оңалту орталығына айналады.

Әкімдік қазір нысанның жобалау жұмыстарын пысықтап жатырмыз деді. Құрылыс сараптамадан өткеннен кейін, яғни келесі жылдың мамырында басталады. Мамандар орталықта бір аусымда 250 науқасты қабылдай аламыз дейді. Ол кешенде оңалтудан орталық тірек-қимыл аппараты аурулары, балалардың церебральды сал ауруы, бас және жұлын жарақатынан кейінгі жағдай, Даун синдромы және жүрек және эндокриндік жүйе аурулары бар 18 жасқа дейінгі балалар өте алады.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу