Алматыда Қазақстан-француз жоғары оқу орындарының VIII форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Қазақстан-француз жоғары оқу орындарының VIII форумы басталды

03.11.2023

Алматыда Қазақстан-француз жоғары оқу орындарының VIII форумы өтіп жатыр.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде екі елдің 120-дан астам өкілі бас қосты. Форум екі елдің университеттері арасында тәжірибе және білім алмасу үшін бірегей алаң құрып, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді. Ал халықаралық әріптестікті нығайту үшін екі жақ "қос дипломдық" жобаны жалғастыру үшін келісімшартты ұзартуға уағдаласты.

Ақтолқын Құлсариева , Абай атындағы ҚАЗҰПУ халықаралық ынтымақтастық және стратегия бойынша проректоры:

Ендігі біздің басты мақсатымыз университетіміз Қазақ ұлттық педагогикалық университет болғандықтан, екінші кезең Сарбонна-Қазақстан институтының дамуының, ол педагогикалық бағытты нығайту. Осы тұрғыда Францияның педагогикалық бағыттағы университеті Эколь Нормальмен келісім шартқа отырдық.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу