Астанаға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев келді. Оны елорда әуежайында Премьер-Министр Әлихан Смайылов күтіп алды. Айта кетейік, Өзбекстан мемлекетінің басшысы бүгін Астанада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысу үшін келді. Ауқымды шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Мажарстан және Түрікменстан басшылары да қатысады.
Аида Ахметбек