Елімізде қызылша жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде қызылша жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты

02.11.2023

Елімізде қызылша жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты. Оның 83 пайызы 14 жасқа толмаған балалар. Дерттің басым бөлігі Алматы, Шымкент қалаларымен Жамбыл, Алматы облыстарында тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қызылшаның алдын алу үшін балаларға қосымша екпе салынады.

Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары:

Сондықтан осы екпені нығайту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Ол 6 айлық және 11 айлық балалар арасындағыларға екпе. Сонымен қатар, 2 жастан жоғары 5 жасқа дейінгі балаларға қосымша екпені жасау.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу