Қызылорда облысында 36 мектеп директоры жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 36 мектеп директоры жазаланды

02.11.2023

Қызылорда облысында жыл басынан бері 36 мектеп директоры жемқорлық үшін жазаланған. Олардың 7-еуі жұмыстан босатылып, 29-ы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, мектептерде бюджетті жоспарлауда, жалақы төлеу жүйесінде кемшіліктер бар. Бұл сыбайлас жемқорлық қауіпін туғызады дейді құзырлы орган өкілдері. Сондықтан, есеп-қисапқа бақылау жүргізбеген директорлар жазаланып, олқылықтарды түзеу бойынша ұсыныстар берілген. Айта кетейік, бұған дейін Жаңақорған ауданының білім бөлімінің бұрынғы басшысы мен бухгалтері 1 миллиард теңгеден астам мемлекет қаржысын жымқырып, қамауға алынған болатын. Қоғамда үлкен дау тудырған бұл іс қазір сотта қаралып жатыр.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу