Елімізде сарбаздарға кредит беруге толық тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков айтты. Шектеу отан алдындағы борышын өтеп жүрген азаматтарға қатысты. Депутаттың сөзінше, бүгінде сарбаздарды несие алуға мәжбүрлейтіндер көбейген. Әскерде жүрген азаматқа қарыз алуға еш негіз жоқ дейді депутат. Ұсынысты Қаржы нарығын реттеу агенттігі де қолдап отыр.
Ерлан Стамбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Өйткені армиядағы сарбаздар жаңадан келген сарбаздарға несие алуға мәжбүрлейді деген ақпарат бар. Бұған біз тыйым салмасақ болмайтын шығар деп есептейміз. Себебі, қазір солдаттар барлық қажеттіліктерімен қамтамасыз етілген. Сондықтан солдаттарға кредит алатын ешқандай себеп те жоқ деп ойлаймыз.
Айя Мүтәлі