Заңға бағынбаған 800-ден астам шетелдік елден шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңға бағынбаған 800-ден астам шетелдік елден шығарылды

02.11.2023

Алматыда жыл басынан бері заңға бағынбағаны үшін 8 мың 250 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешімімен олардың 839-ы ел аумағынан шығарылды. Тек соңғы екі күнде елде болу мерзімі аяқталған 111 шетелдік анықталған. Оның 23-і – Африка құрлығы елдерінің азаматы.

Сондай-ақ, Қазақстан заңын бұзғандар арасында Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден келгендер де бар. Қазір олардың заңсыз жұмысқа тартылғаны үшін қылмыстық іс қозғалған.

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

Арнайы уақытша қабылдап тарату мекемесіне қолында құжаты жоқ 3 мың 720 шетел азаматы тоғытылған болатын. Сонымен қатар ҚР ҚК-нің 392 бабының нормалары бойынша яғни, мемлекеттік шекараны бұзу дерегі бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды, заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастыру дерегі бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу