АҚШ конгресінде соғысқа қарсы шыққан топ шеру өткізді. Отырыста президент Байденнің кеңесшілері заң шығарушыларды Израильге миллиардтаған доллар бөлуді сұрап жатқан еді. Қолдарын қызыл түске бояған шерушілер: «Қантөгісті тоқтатыңдар», «Газаның балаларын қорғаңдар және геноцидті қолдауды тоқтатыңдар»,- деп ұрандатқан.
Олар мемлекеттік хатшы Энтони Блинкеннің сөзін бірнеше мәрте бөлді. Блинкен болса, Газа секторында оқ атуды тоқтату Хамас-тың қайта топталуына жол ашады деп мәлімдеді. Алайда гуманитарлық мақсатта үзіліс керек екенін де алға тартты.
Арай Төлегенқызы