Өскемен қаласын су басып жатыр. Күздің қара жаңбыры төртінші тәулік тоқтаусыз жауып тұр. Кәріз жүйесі мен арық-атыздардан ағып үлгермей жатыр.Осының кесірінен орталық көшелердің өзі көлге айналып, тұрғындар толарсақтан саз кешіп жүр. «Таза Өскемен» мекемесі күшейтілген жұмыс кестесіне көшкен. Суды 10 көлік, 10 мотопомпа сорғызып жатыр. Елуден астам адам жұмылдырса да үлгермей жатыр. Соңғы үш тәулікте 3 мың текше метр су шығарылды. Ауа райын болжау орталығының мамандары аймақта бүгін де жаңбыр толассыз жауатынан хабарлады. Ал ертең күн райы күрт суытып соңы қарға айналуы мүмкін.
Қадылбек Дүкей, «Таза Өскемен» мекемесінің жұмысшысы:
Күндіз-түні ұйықтамай жұмыскерлер жұмыс істеп жатырмыз. Бұл енді халық үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Су құбыры істемейді,жол қолайсыздығы көп болып тұр,кейбір жерде асфальттің ойылып кету жағдайы бар кейбір жерде су тоқтап қап,жаяу жүргіншілер өте алмай қалып жатыр.
Ауа райын болжау орталығының мамандары аймақта бүгін де жаңбыр толассыз жауатынан хабарлады. Ал ертең күн райы күрт суытып соңы қарға айналуы мүмкін.
Олжас Керейхан