Қазақстан Олимпиаданың тағы бір жолдамасына иелік етті. Оқ ату спортынан ұлттық құраманың мергені Арина Алтухова 2024 жылы Парижде өтетін байрақты бәсекеге лицензия жеңіп алды.
Ол Азия біріншілігінде пневматикалық оқ ату дисциплинасында 590 ұпаймен финалға шығып, дүбірлі доданың квотасына қол жеткізді. Спорттың бұл түрінен 2 лицензия сарапқа салынған болатын.
Дархан Рақымжан