Жаңа жылдан бастап 18 жасқа дейінгі балалардың шотына ақша түсе бастайды. Қаражат біріне артық, не болмаса кем төленбейді. Барлығына теңдей бөлінеді. Бастысы ата-ана құжат жинап, шот аштырып, әуреге түспейді. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы толықтай автоматтандырылған. Жаңа жобаның талаптарын сала мамандары ата-аналарға түсіндіріп жүр. Ал ата-аналар қаражаттың түскен-түспегенін «Egov» немесе бірыңғай жинақтаушы қорының сайтынан көре алады. Ол үшін баланың жеке сәйкестендіру номері болса, жеткілікті. 18 жасқа толғанға дейін жинақталған қаражат Ұлттық қорда АҚШ долларымен сақталады. Әзірге, әр балаға нақты қанша қаражат бөлінетіні белгісіз.
Дәурен Темірбеков, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:
Осы бағдарламаның іске қосылуына екі ай қалды. Қаңтар айының соңына қарай 2024 жылы сол сомманы біз жариялаймыз деген ойдамыз. Жылына бірақ рет төлем жасалады, барлық балаларға. 18 жасқа толмаған балаларға.18 жасқа толған бала сол ақшаны шеше алады.
Самал Қабышева