Шахтадағы оқиға орнынан алғашқы тексеру жүргізілді- Бас прокуратура - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахтадағы оқиға орнынан алғашқы тексеру жүргізілді- Бас прокуратура

31.10.2023

Қарағандыда апат болған Костенко шахтасындағы оқиға орнынан алғашқы тексеру жүргізілді. Бас прокуратураның хабарлауынша, ведомствоаралық жедел-тергеу тобы газ-метан қоспасының жарылуының себептерін анықтау мақсатында шахтаға түсті. Ауысым қызметкерлерінен, көмір департаментінің басшылары мен жауапты қызметкерлерден жауап алынды. Кінәлі тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады. Тергеу жалғасып жатыр, қылмыстық іс Бас Прокурордың бақылауында.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу