Өзбекстанда тұратын қазақ жастарының ЖОО түсуі жеңілдейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда тұратын қазақ жастарының ЖОО түсуі жеңілдейді

31.10.2023

Өзбекстанда тұратын қазақ жастарының Қазақстандағы жоғары оқу орнына түсуі жеңілдейді. Яғни, қандастар үшін ұлттық бірыңғай тестілеудегі шекті балл деңгейін түсіру мүмкіндігі қаралады. Мұндай бастаманы «Отандастар қоры» көтерді. Өзбек елінде 370-ке жуық қазақ мектебі бар. Еліміздің жоғары оқу орындары, онда сабақ беретін қазақ мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға көмектесуді де жолға қоймақ. Яғни, ұстаздар үшін арнайы оқу курстары ұйымдастырылады.

Ойдин Абдуллаева, Өзбекстан Олий Мәжілісінің депутаты:

Қазақстан мен Өзбекстанның білім мен мәдени- гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын арттыру маңызды. Бұл мақсатта қолға алынып жатқан шаралар баршылық. Мәселен жақында Шыршық қаласында Әуезов атындағы университеттің филиалы ашылады. Бұл- жастарға сапалы білім беру ісін ілгерілетуге жасалған қадам.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу