Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры Ресейде өтіп жатқан VII халықаралық театрлар фестиваліне қатысуда. Өнер ұжымы шоқтығы биік «Ұждан» қойылымын сахналады. Биыл наурыз айында премьерасы болған Шәкәрімнің әпсанасын бұған дейін Павлодар, Семей, Өскемен жұртшылығы тамашалаған. Қойылымның бас режиссері Мәскеудегі Станиславский театрында еңбек еткен Азамат Нығманов. Барлығы 26 актер қатысады. Ал философиялық қойылымның ерекшелігі-мұнда басты рөль жоқ, көрерменді терең ойға жетелейді.
Арман Темірбек, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының басшысы:
«Ұждан» қойылымы Шәкәрім атамыздың 165 жылдық мерейтойына арналып қойылған, Шәкәрім атамыздың «Ұждан» деген кішкентай ғана әңгімесінен инсценировка жасалып құралған қойылым. Бұл енді өте өзекті мәселе, актуалды тақырып қазіргі заманға.
Индира Бегайдар