Елімізде тұрғын үй кезегі қысқармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тұрғын үй кезегі қысқармақ

30.10.2023

Елімізде тұрғын үй кезегі қысқармақ. Өйткені баспана алуға өтініш бергендердің үштен бірі заң талаптарына сай емес. Мәселен тізімдегі 96 мың адамның соңғы 5 жылда үйі болған. 533 адам Қазақстан азаматы емес. Ал 91 мыңының тіркелген жері кезекке тұрған аймақпен сәйкес келмейді. Тағы 29 мың адамда тіркеу жоқ болса, 15 мыңнан астамы қайтыс болғандар тізімінде.

Осылайша баспана кезегінде тұрған 650 мыңдай адам 230 мыңға азаймақ. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тізімнің қысқаруы үйді тезірек алуға мүмкіндік береді деп отыр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу