Ресей полициясы Дағыстан астанасы Махачкаланың әуежайын қайта бақылауға алды. Және де 60 шақты адам тұтқындалған. Бірер сағат бұрын авиациялық терминалға кавказдық республика басшысы Сергей Меликов барды.
Өткен тәулікте бұл ғимаратқа жүздеген адам басып кіріп, Израильден ұшып келген жолаушыларға және Газаның бомбалануына наразылық білдірді. Сонымен қатар, Палестинаның туын ұстаған шерушілер әуежайдың шыны есіктерін сындырып, оның кедендік және паспорттық бақылау бөлімдерін ойрандап, ұшу-қону жолағын басып алған.
Арыстан Рысбек