Жамбыл облысында экс-шенеунік екінші рет сотталды. Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің бұрынғы бөлім басшысы былтыр 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол 6 жыл бойы кәсіпкерлерге тендердің кепілдік жарнасын қайтармай, 30-дан аса кәсіпкерге тиесілі 40 млн теңгені жымқырған. Ал осы жолы оның жылдар бойы жасырған тағы бір қылмысы әшкере болды. Ол 9 жыл бұрын тағы бір серіктестіктің 5 млн теңге кепілдік жарнасын қайтармай қойған. Алайда қайтару туралы қағаз жүзінде бұйрық беріп, ақшаны өз компаниясына аудартып алған. Бір қызығы судья жаза мерзімін сол күйі қалдырды. Тек бұрынғы 7 жылын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейді.
Данияр Әлімқұл