Атырауда емхана директоры ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда емхана директоры ұсталды

30.10.2023

Атыраудағы № 4 қалалық емхананың директоры ұсталды. Ол аса ірі мөлшерде бюджет қаржысын ұрлады деген күдікке ілінді. Тергеу соты емдеу мекемесінің басшысын қамауға алуға санкция берген. Қазір кешенді тергеу басталды. Айта кеткен жөн, бұған дейін ұсталған директордың негізсіз ақша жинап, қарамағындағы мамандармен дөрекі сөйлесетінін айтып ақхалаттылар бірнеше мәрте наразылық білдірген.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу