«Ұлттық музейге сый тарту» акциясы аясында ақтөбеліктер 250 жәдігер тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлттық музейге сый тарту» акциясы аясында ақтөбеліктер 250 жәдігер тапсырды

06.04.2016
«Ұлттық музейге сый тарту» акциясы аясында ақтөбеліктер 250 жәдігер тапсырды
«Ұлттық музейге сый тарту» акциясы Ақтөбеде жалғасты. Көпшілікке танымал өнер майталмандары мен ғалымдар өздері қолданған бұйымдарын әкеліп тапсырды.

Шараға көрнекті тұлғалардың ұрпақтары мен спортшылар да шақырылған.

Бұған дейін музей қызметкерлері Астана, Алматы және Қызылорда қалаларында болып, жәдігерлер жинаған. Бұл жолғы шарада ақтөбеліктер 250 жәдігер тапсырды.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу