Қарағанды облысының әкімдігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының отбасы мүшелерінің тізімін жасап жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларға толыққанды көмек көрсетілетін болады.
«Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағының өкілі Евгений Буслаевтың айтуынша еңбек келісім-шартта көрсетілген барлық талаптар орындалады. Моральдық зиян үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем беріледі. Компания тарапынан бұл жұмыстар неғұрлым жылдам орындалады.
Евгений Буслаев «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағының өкілі:
Көмір департаментінің тарапынан қаза болған әр қызметшінің отбасына арнайы адам бекітілді. Олар қандай қажеттіліктері бар барлығын орындап отырады. Қаржылық шығындарды да компания өз мойнына алып жатыр.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова айтты. Дәрігерлерге жүгінген тағы 4 адам қабылдау-диагностикалық бөлімшелерінде тексеріліп, амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген. Ал токсикология бөлімшесінде жатқан 20 адамның жағдайы тұрақты
Бибігүл Төлегенова, Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
1 адам ашық миының жарақаты, мидың шайқалуы, маңдай аймағындағы көгерген жаралары мен бірнеше қабырғасы сынып профессор Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың реанимация және қарқынды терапия бөлімінде. Оң жақ жамбас сүйектің қанатының жабық сынуы, сол жақта сыртқы тобықтың жабық сынуы бар. Екі өкпе де соғылған, жағдайы ауыр тұрақты, есін біледі. Травматикалық шок құбылыстары регрессияланған.
Ауруханаға түскен барлық науқасқа жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақты, деді дәрігерлер. Республикалық травматология және ортопедия ғылыми орталығы мен нейрохирургия ғылыми орталығынан келген мамандар зардап шеккендермен жұмыс істеп жатыр. Одан бөлек, облыстағы штаттан тыс мамандар да тартылған.