Құтқарушылардың жұмысына бірнеше кедергілер бар. Қазір тілшіміз Руслан Нұрланұлы бізбен байланысқа шығады.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Құтқарушылардың жұмысы шахта астында жарықтың жоқтығынан қиынға соғуда. Сондай-ақ, көп аумақты тау-кен үйінділері, шахта қондырғыларының бөлшектері басып жатыр. Кейбір су толған аумақтарға бару мүмкін болмай отыр. Лаваларда ашық от көздері жоқ. Қазір қайтыс болғандар саны - 36. Кеншілердің туыстарына психологтар мен дәрігерлер қызмет көрсетуде.
Мерген Құдайберген, апаттық медицина орталығының дәрігері:
Шахтадағы апатқа байланысты туған-туыстарына көмек берудеміз. Психолог әріптестер де жүр. Кешелі бері үш бригадамыз 40-тан астам адамға көмек көрсетті. Сонымен қатар, жедел-жәрдем де қызмет етуде.
Қазір кәсіподақ мүшелері қайтыс болған кеншілерді ақтық сапарға шығарып салу рәсімдеріне дайындық басталып кеткенін айтты. Бұған дейін кәсіподақ компания басшылығынан бірқатар мәселені талап еткен.
Евгений Буслаев, «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағының өкілі:
Бірінші кезекте қаза тапқан кеншілерді ақтық сапарға шығарып салу рәсімін өткізіп алу керек. Содан кейін ұжымдық келісім шартта қарастырылған және біз талап еткен мәселелердің ескерілуін назарда ұстаймыз. Ол – отбасыларға жан-жақты көмек, шахтадағы өндірістік қауіпсіздікті арттыру, айлық өсіру мәселелері. Біз жаңа келетін меншік иесінен де осыны талап етеміз.
Аман қалған 208 кенші бар. 20-дан астамы ауруханада. Алдағы уақытта ақпараттармен бөлісетін боламыз.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ