Шахтада бұған дейін қауіпсіздік талаптары сақталмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахтада бұған дейін қауіпсіздік талаптары сақталмаған

29.10.2023

Апат болған Костенко шахтасында бұған дейінгі тексеру кезінде 200-ден астам қауіпсіздік талабының бұзылу дерегі анықталған. Алайда оның бірқатары әлі жөнделмеген. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Мемлекет тарапынан кен орнында арнайы тексеру болған. Ол жерде ең әуелі қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін тұстары назарға алынған. 200-ден астам ескерту жасалғаны да белгілі болды. Алайда олар осы уақытқа дейін жөнделмеген. Кен орнындағы құрылғылардың басым бөлігі ескірген.

Оңғар Алпысбайұлы


шахта қарағандыоблысы теміртау шахтинск костенкошахта

Хабарламаларға жазылу