Әлихан Смайылов: Кәсіпорындағы қауіпсіздік мәселесі әлі де шешілмеген күйі қалып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов: Кәсіпорындағы қауіпсіздік мәселесі әлі де шешілмеген күйі қалып отыр

28.10.2023

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов шахтада болған өрттің себептерін тергеу жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Премьер-Министр зардап шеккендерге толық көлемде медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. Отырыс барысында шахтадағы қазіргі ахуал, құтқару жұмыстары мен өзге де қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Сондай-ақ, Әлихан Смайылов кәсіпорындағы қауіпсіздік мәселесі әлі де шешілмеген күйі қалып отырғанын атап өтті. Үкімет басшысы Қарағанды облысының әкімдігіне Төтенше жағдай министрлігімен басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, апатты жою жөнінде қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. Ал Бас Прокуратура кеніштегі өрт фактісіне қатысты тергеуді бастап кетті. Ведомствоаралық жедел-тергеу тобының құрамына құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлері мен Төтенше жағдай министрлігінің мамандары енді.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу