Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 32-ге жетті. Қазір оқиға орнынан тілшіміз Руслан Нұрланұлы бізбен байланысқа шығады. Руслан, соңғы ақпараттармен бөліссең.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
Құтқарушылар тағы бірнеше кеншінің денесін тапты. Қайтыс болғандар саны қазіргі сағатқа келіп түскен ақпарат бойынша 28 адам. Сондай-ақ, тағы 18 кенші іздестіріліп жатыр. 208 кенші аман-есен шығарылды. Олардың 18-і ауруханада. Дені метан газынан уланған. Бір адамның жағдайы ауыр.