Апатқа кінәлілер жауапқа тартылуы тиіс – депутат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Апатқа кінәлілер жауапқа тартылуы тиіс – депутат

28.10.2023

Апатқа кінәлілер жауапқа тартылуы тиіс. Оқиға орнында жүрген Парламент Мәжілісінің депутаттары осылай деп өз пікірлерін білдірді. Костенко шахтасында қалған кеншілерді құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнында жүрген тілшіміз Руслан Нұрланұлы байланыста. Руслан, соңғы ақпараттармен бөліссең.

Руслан Нұрланұлы, тілші:

Оқиға орнына Мемлекет басшысы келіп, компанияның басшылық қызметіне қатысты нақты тапсырмаларды берді. Қазіргі сағатқа келіп түскен ақпарат бойынша 22 адам қайтыс болған. Тағы 24 кенші іздестірілуде. Сонымен қыр басына 208 кенші аман-есен шығарылды. Алайда олардың 18 ауруханада. Дені метан газынан уланған.

Құдайберген Бексұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Ешқандай жауапкершілік жоқ. Осы екі ай ғана болды ғой шахтадағы апатқа. Мына апат тіпті алапат . Бұл кезінде ең жақсы шахта еді. Қазіргі жағдайы мынау. Біз Мәжіліс депутаттары президент тапсырмасын қолдаймыз. Жауапкершілікке тартып, соттау керек. Қазір енді үкімет шешім қабылдайды ғой.

Қазір оқиға орнында мамандандырылған құтқарушылар отряды жұмыс істеуде. Кеншілердің туған -туыстарымен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу