Апат кезінде қайтыс болған кеншілердің жеке басы анықталып жатыр. Марқұм болған жұмысшылардың отбасына жан-жақты көмек көрсетіледі. Олардың балаларына да психологиялық қолдау көрсетіледі. Оқу-ағарту министрлігінің, білім басқармасының, Қарағанды облысының Бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкілінен тұратын мобильдік топ құрылды. Мобильді топ жұмысының шеңберінде балалардың тізімдері жасалады.
Виктор Гафиулин, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры:
Марқұм болған кеншілердің отбасына қабырғамыз қайысып көңіл айтамыз. Компания тарапынан жан-жақты көмек беріледі. Қазір апат себептері нақтыланып жатыр. Ол үшін жедел штаб отырысы өтуде.