Костенко атындағы шахтада қаза тапқандар саны 25-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Костенко атындағы шахтада қаза тапқандар саны 25-ке жетті

28.10.2023

Костенко шахтасында қалған кеншілердің құтқару жұмыстары жалғасуда.Қазір 23 адам жер астфынан іздестірілуде. Тілшіміз Руслан Нұрланұлы бізбен байланысқа шығады. Руслан, соңғы ақпараттармен бөліссең.

Қайырлы күн! Иә оқиға орнына Мемлекет басшысы келді. Қазір төтенше жағдайдың мән-жайы баяндауда. Қазіргі сағатқа келіп түскен ақпарат бойынша 25 адам қайтыс болған. Сонымен қыр басына 208 кенші аман-есен шығарылды. Алайда олардың 18 ауруханада. Дені метан газынан уланған. Құтқарушылар шахта астынан тағы 20-ға жуық адамды іздестіріп жатыр.

Бекәлі Айбеков, кенші:

Кеше екінші ауысымнан шықтық. Барлығы дұрыс болған. Таңертең жағдайды естіп келіп тұрмыз жігіттерге алаңдап. Қан керек болса тапсырайық деп. Жақсы жігіттер еді. Бірге істейміз.

Қазір оқиға орнында мамандандырылған құтқарушылар отряды жұмыс істеуде. Кеншілердің туған -туыстарымен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу